Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Луговой стансасында полиция қызметкері қызметтік көлігімен жаяу жүргінші жолағында қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.
«Жаяу жүргіншінің сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартуына байланысты полиция қызметкеріне қатысты «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу», яғни, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 600-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Аталған бап 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге көлемінде айыппұл салуды көздейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетсек, бұдан бұрын СҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің бірінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен.