Абай облысында 3 учаскеде әлі өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Бүгін ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері өрт орнына жіберілді.
Қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар арнайы байланыс құралдарымен жарақтандырылған жылжымалы басқару пункті қосымша жіберілді, басқару органы ол жерден де төтенше жағдай аймағында өз функцияларын жүзеге асыратын болады.