Куәгерлердің айтуынша, базарда орналасқан банктердің бірінің терезесінен қара түтін шығып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Өрт туралы хабар базарда орналасқан «Қырғызстан» банкінен түсті. Таңғы сағат 9:55-те өртті сөндіруге бір өрт сөндіру бригадасы, сағат 10.00-де қосымша бір бригада жұмылдырылды», - деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.
Басқа мәліметтер әлі белгісіз, деп жазады 24kg. Айта кетейік, Қырғызстан астанасында бұл күндері нормадан тыс ыстық болып тұр. 9 маусымда Бішкектегі ең жоғары ауа температурасы 39,5 градусты құрады. Бұл нормадан 9,6 градусқа жоғары.
Қазақстанның Абай ауданында қазір жер шарындағы ең ірі өрт сөндіріліп жатыр.