×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Тоқаев Семейдегі өрт ошағына барды

11.06.2023, 10:09
Тоқаев Семейдегі өрт ошағына барды
Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі”, – деп жазды Ақорданың ресми арнасы.

Еске салайық, Абай ауданындағы 30 мың гектарға жуық аумақтағы өрт 9 маусымда басталған. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Ол - Сырым Шәріпханов. Үкімет өрттен зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Өкінішке қарай, үш өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Олардың 5-інің мәйіті анықталды. Адамдардың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.