×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Украина әскері қарсы шабуылда алға жылжып келеді - ISW

11.06.2023, 12:17
Фото: Associated Press

Украина қарулы күштері Запорожье облысының батысында қарсы шабуыл операциясын жалғастыруда. Маусымның 10-ына қараған түні Украина әскерилері аймақта алға ілгерілеуге қол жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Соғысты зерттеу институтына (ISW) сілтеме жасап.

Орталық сарапшылары украин әскерлерінің төрт бағытта алға жылжып жатқанын да мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ штаб бастықтары біріккен комитетінің басшысы генерал Марк Милли Украинада уақытша басып алынған аумақтың барлық аудандарында соғыс қимылдары күшейгенін жеткізген.

Украина Қорғаныс министрлігі Украина Қарулы Күштерінің майданда қарсы шабуыл операциясының басталғанын жарияламайтынын айтқан болатын.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы басталғанын жазды. Келесі күні Каховская су электр станциясының толығымен қирап, жақын маңдағы елді мекендерді су басқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары