×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

12 маусым Қазақстанда аза тұту күні болып жарияланды

11.06.2023, 13:15
12 маусым Қазақстанда аза тұту күні болып жарияланды
Ашық дереккөз

Президент Семейде орманшылардың отбасымен кездесуде ертең елімізде қаралы күн жарияланатынын айтты деп хабарлады  Ulysmedia.kz ​​​​​​​

«Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз,– деді Мемлекет басшысы.

 Еске салайық, Абай ауданындағы 30 мың гектарға жуық аумақтағы өрт 9 маусымда басталған. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Ол - Сырым Шәріпханов. Үкімет өрттен зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Өкінішке қарай, үш өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Олардың 5-інің мәйіті анықталды. Адамдардың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.