×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Тоқаевтың келуіне орай асфальт төсеген шенеуніктер жазаланады

11.06.2023, 16:22
Ашық дереккөз

Өзі келгенге дейін жолдардың жөнделгенін Мемлекет басшысы БАҚ-тан оқып білген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ал қаза болғандардың туыстарымен кездесуде Мемлекет басшысы кейбір ауылдарда жолдың жоқтығынан өрт сөндіру көліктерінің тез жете алмағанын білді.

Успенка ауылы. Мұнда ешқашан асфальт болған емес. Үнемі қиыршық тас төселеді. Тіпті жол болмағандықтан өрт сөндірушілер тез жете алмай қалған жағдайлар да болды (...) Бізге: «Жол салуға қаражат жоқ» дейді. Бірақ сіз келеді деп бәрін жөндеді», - деп ашуланды өрт салдарынан қайтыс болған орманшының қызы.

«Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады», - деп сендірді Тоқаев.

Бұл диалогқа облыс әкімдігі реакция жасады. Олар құтқару қызметінің арнайы техникасы өтуі үшін жолды жөндеп жатқандарын айтты.

Серіктес жаңалықтары