×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақтөбеде депутаттың компаниясы сапасыз мүсіндерді 170 млн теңгеге орнатқан

12.06.2023, 17:09
фото: дереккөзден

Ақтөбе әкімдігі қаланың көрнекі орындарында шағын архитектуралық формаларды орнатуға 5 жыл 170 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Горожанин Актобе" телеграм-арнасының жазуынша, қала билігі Ақтөбедегі шағын архитектуралық формалар мен басқа да "сәндік элементтерді" (қоршаулар, гүлзарлар және т.б.) орнатуға жыл сайын 30 миллион теңге бөліп келеді.

“Шағын архитектуралық формалардың барлығы қала көшелерінде тұр. Көбінесе олардың ешқандай семантикалық және эстетикалық құндылығы жоқ төмен сапалы материалдардан жасаған мүсін екенін байқауға болады. Сондай-ақ тағы бір түсініксіз жағы мұндай мүсіндер қандай негізде бекітіліп, қабылданатыны белгісіз”, – дейді жазба авторлары.

Осылайша 5 жыл ішінде Ақтөбеде шағын архитектуралық формаларды орнатуға 170 млн теңге жұмсалған. 

Бір таңданарлығы, шағын архитектуралық формаларға ойнатылатын тендерлерді 4 жыл бойы депутат Таханов Қайырбек басқаратын компания жеңіп келеді екен. Өткен сайлауда ол Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Сондай-ақ, авторлар нөсер жүйесінің жоқтығынан жыл сайын Ақтөбе мезгіл-мезгіл су астында қалатынын еске салды.

“Миллиондаған теңгелерді осы қажеттіліктерге жұмсауға болар еді. Бірақ әр уақытта қалалық және облыстық бюджеттердің шығыстары қызық дүниелерге жұмсалғанын байқап жатамыз. Айта кетейік, биыл әкімдік осындай жұмыстарға 40 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр”, – делінген жазбада. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау шенділері жәрмеңке ұйымдастыруға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсауды жоспарлар отырғаны хабарланған.

Ал Шымкент мектебі 20 допты 2,7 млн теңгеге сатып алмақ болған еді.

 

 

Серіктес жаңалықтары