×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атырау шенділері жәрмеңке ұйымдастыруға 100 млн теңгеге жуық қаржы жұмсамақ

30.05.2023, 09:46
gov.kz

Шенеуніктер Атырау жәрмеңкесін ұйымдастырушыларға шамамен 100 млн теңгеге жуық қаржы төлеуді жоспарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Тапсырыс беруші -" Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі "ММ; атауы-конференциялар/семинарлар/форумдар/конкурстар/корпоративтік/спорттық/мәдени/мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу жөніндегі қызметтер; қосымша сипаттамасы – Атырау қаласында жәрмеңке өткізуді ұйымдастыру қызметтері; жоспарлы сомасы – 94 628 571,43 теңге", - делінген Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 26 мамырда басталып, 2 маусымда аяқталатыны көрсетілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі мектептердің бірі 20 допқа 2 млн теңгеден астам қаражат жұмсамақ болған еді.

Серіктес жаңалықтары