×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Сән-салтанат салығы: Қазақстандықтардың меншігінде қанша яхта бар

12.06.2023, 18:02
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан азаматтарының меншігінде 490-нан астам яхта бар. Сенат депутаты Бекболат Орынбеков осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатордың сөзінше, сән-салтанат салығы мәселесі жаңа Салық кодексінде 3 бағыт бойынша байланысқан.

«Оның біріншісі – жылжымайтын мүлік. Жаңа ғана айтқанымдай, шамамен еліміздің 3,8 млн тұрғынында 6,8 млн жылжымайтын мүлік нысаны бар. Екінші мәселе – «сән-салтанат» мәселесі. Көлік бойынша айтсақ, құны 50 млн теңгеден асатын көліктерге прогрессивті шкала белгіленуі мүмкін. Бізде Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігінде деп саналатын 490-нан астам яхта бар. Үшінші бағыт арақ-шарап өнімдерімен байланысты», - деді сенатор.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің дерегінше, елімізде жеке яхтасы мен ұшағы бар адамдар небары 13 мың теңге салық төлейді.

«Бізде меншігінде ұшақтар мен яхталары бар салық төлеушілер бар. Олардың салығын да қарап жатырмыз. Былайша қарасақ, бір нысан үшін төленген сома шамамен 13 мың теңге ғана. Бұл жерде, әрине, бірнеше есе көтеру керек. Ахуалды түзеу керек. Яғни, яхталар мен ұшақтардың көлік салығын ұлғайтамыз», - деді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сән-салтанат салығын кімдер төлейтінін түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары