×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан кәсіпкер 94 млн теңге тапқан

13.06.2023, 11:41
Криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан кәсіпкер 94 млн теңге тапқан
фото: ашық дереккөзден

Алматыда цифрлық активтердің айналымы саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласының тұрғыны 2019-2022 жылдар аралығында криптовалюта айырбастаумен айналысып, сол арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді заңсыз айналымға түсіріп, ірі көлемде пайда тапқан.

Тергеу барысында интернет-ресурс тіркеусіз және қаржылық қызмет көрсетуге лицензиясыз түрлі криптовалюталарды сатып алу-сату қызметтерін көрсеткені анықталды.

«Binanсe» крипто-әмиянына түскен қаражат көлемі – 693 мың доллар немесе шамамен 310 миллион теңге, ал 2020-2021 жылдардағы жеке кәсіптің жалпы жылдық кірісі 94 млн теңгеге жуықтаған.

Сот жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл төлеу жазасын тағайындады.