×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт төрт күннен бері ауыздықталар емес

13.06.2023, 13:08
видеодан кадр

9 маусым күні Маңғыстау облысындағы «Бозашы Мұнай» ЖШС-ның «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында тұтанған өрт әлі ауыздықталған жоқ. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«13 маусым сағат 08:30-дағы жағдай бойынша Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы бөлімшесінің күшімен жасақталған линия бойынша 302 текше метр ерітінді толтырылды. Жұмыс жалғасып жатыр. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық жасағының күштері мен құралдары апат болған жерде кезекшілік режимінде жұмыс жүргізуде», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ, кен орнындағы өрттен бір адам зардап шеккені хабарланды.

«Заман Энерго» ЖШС мердігерлік мекемесінде бұрғылаушының көмекшісі жарақат алды. Ол кеудесінің сол жағындағы 8-қабырғасының жабық сынығы, сол жақ білегінің ІІІ дәрежелі термиялық күйігі диагнозымен ауруханаға жолданған. Тексеруден кейін үйіне жіберіліп, амбулаториялық ем тағайындалды», деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары