×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Таиландта ұсталған қазақстандықтың не үшін қамалғаны белгілі болды

13.06.2023, 15:49
Фото: The Phuket Express

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта ұсталған қазақстандықтың не үшін қамалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналистер ресми өкілден Таиландта қазақстандықтың ресейлікке жасаған шабуылы туралы сұрады.

«Біз Таиланд билігінен ақпарат сұраттық. Олар ақпаратты растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Тай полициясы 45 тәулікке қамауға алды. Азамат визалық режимді 4 күнге бұзған. Басқа ақпарат түспеді. Оған тек миграциялық режимді бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі тай полициясымен үнемі байланыста отыр», – деді СІМ өкілі.

Айта кетейік, Қазақстандық Ресей азаматын өлтіруге оқталғаны үшін Таиланд түрмесіне қамалғаны жайлы ақпаратты Ресейдің Пхукеттегі Бас консулдығы таратқан болатын.

Серіктес жаңалықтары