×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақстандықтар Шымкентте Елена Малышеваның клиникасы ашылатынына наразы

14.06.2023, 17:09
фото: ТАСС

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Шымкентте ресейлік тележүргізуші Елена Малышева атындағы медициналық клиникалар желісінің франшизасы ашылатынына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Болашақ медициналық орталықтың суреттері таратылуда. Ғимараттың қасбетіне жүргізушінің суреті ілініп, орталық атауы жазылған: "Елена Малышеваның медициналық орталығы".

Орталықтың ашылуы жақын арада болатыны хабарланды. Әлеуметтік желідегі жұрттың наразылық білдіруінің бірнеше себебі бар: Малышеваның Ресей Федерациясындағы қолданыстағы режимді қолдауы, оның тұлғасына қатысты жанжалдар және орталықтың маңдайшасында қазақша жазудың болмауы.

Көптеген адамдар Малышеваның білікті дәрігерден гөрі шоу-бизнес өнімі екеніне сенімді. Сонымен қатар, бұдан бұрын БАҚ-та Малышеваға қатысты бірнеше сыбайлас жемқорлық оқиғалары туралы жазылды.

Елена Малышеваның клиникасы Шымкенттің картасына еніп үлгеріпті. Мекен-жай сипатамасында орталықтың жақын арада ашылатыны жазылған. 

Серіктес жаңалықтары