×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

15 млн теңгеге сатылып кеткен ауыл мектебі мемлекетке қайтарылды

14.06.2023, 17:24
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жеке қолға сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.

«Сатылған мектеп туралы айтсақ, біраз соттастық. 8 маусым күні алған адам, мектепті өз еркімен Үкіметке қайтарып берді», - деді аймақ басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысында мемлекеттік мектептің 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтқан.

«Өткен аптада ғана өңірден келдім, сапармен. Сұмдық айтайын, біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломонов дейтін орта мектеп болған. 250 балаға арналған. Соңғы жылдары күрделі жөндеуден өтті. Жаңа спортзал салды, балалар қуанып жүргенде сол мектепті жеке қолға сатып жіберді», - деген еді депутат.

Серіктес жаңалықтары