×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Тоқаев 2025 жылы өткізуді ұсынған «Болашақ ойындары» кейінге шегерілді

Фото: Ақорда

Елімізде 2025 жылы ұйымдастырылатын «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі 2026 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не үшін

Туризм және спорт министрлігі биыл күзде ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Мұндай ойынның баламасы жоқ»

Еске салсақ, биылғы ақпанда Президент Татарстанның Қазан қаласында өткен «Болашақтың ойындары» бәсекесінің ашылу салтанатына қатысып, келесі жылғы мультиспорт турнирін Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс айтқан болатын.

Құрметті Владимир Владимирович, ең алдымен, Сізге зор ризашылық білдіргім келеді. Бұл – бірегей ойын. Дүниежүзінде мұндай ойынның баламасы жоқ. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Келесі ойынды Қазақстанда өткізейік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары