×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Трамадол короліне» қамқоршылық көрсеткен полицейлерге үкім оқылды

15.06.2023, 14:03
«Трамадол короліне» қамқоршылық көрсеткен полицейлерге үкім оқылды
фото: ашық дереккөзден

Орал қалалық сотында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының бұрынғы қызметкерлері Руслан Қазмағамбетов пен Нұрлан Деменовке үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Р.Қазмағамбетов пен Н.Деменов ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағына (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу) сәйкес айыпты деп танылды.

Олардың әрқайсысына параның 60 еселенген мөлшерінде 18 млн теңгеден айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды. Р.Қазмағамбетов пен Н.Деменовтің қамауда және содан кейін үй қамағында болған мерзімі ескеріліп, айыппұл көлемі 952 200 теңгеге төмендетілді.

Сонымен қатар Р.Қазмағамбетов полиция майоры, Н.Деменов полиция капитаны шенінен айырылды.

Үкімді жария еткен судья Гүлнара Гимадутдинованың түсіндіруінше, сотталушылардың Орал қаласында трамадол сататын нүктелерге қатысы болғаны анықталды. Атап айтқанда, қалада «трамадол королі» атанып кеткен Николай Карповтің заңсыз саудамен айналысатынын біле тұра, оған қамқоршылық көрсеткен. Олардың 300 мың теңге көлемінде пара алғаны дәлелін тапты.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушылар үкім заңды күшіне енгеннен кейін айыппұлды бір ай ішінде төлеуі тиіс.