×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Нағыз абсурд»: Біртанов азапталған адамның ісінде фельдшердің сотталуы жайлы

16.06.2023, 12:25
«Нағыз абсурд»: Біртанов азапталған адамның ісінде фельдшердің сотталуы жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азапталып өлген Жандос Жотабаевтің өлімі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Семейде Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша оқшаулағышта азапталып өлген Жандос Жотабаевтың ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын қалды. Іс бойынша айыпталушы ретінде танылған фельдшер Гүлмира Төлеубекова қылмыстық кодестің 317 бабы 3 бөлігі бойынша (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) айып тағылған.

Біртанов не себепті бұл істе медицина қызметкері сотталып жатқанын түсінбейді.

«Нағыз абсурд! Адамды түрмеле азаптап өлтірген. Енді медицина қызметкерін соттап жатыр. Яғни азаптағандар емес, азапталған адамды құтқарып қала алмаған фельдшерді соттайды! Қазақстан соты істің анық-қанығын анықтай жатар деген үміттемін», - дейді ол.

Жандос Жотабаев Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған. Ол митингке қатысқаны үшін ұсталып, екі күн бойы полиция бөлімінде болған. Кейін уақытша оқшаулағышқа қамалған. 17 қаңтарда оқшаулағыш қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, Жотабаевтың қайтыс болғанын хабарлаған. Жандостың бауыры Ердостың айтуынша, денені кейін тексерген кезде көкпеңбек болған. Марқұмның 11 қабырғасы сынғаны анықталған.