×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Айсұлтан Сейітовтің фильмі Шанхай кинофестивалінде топ жарды

16.06.2023, 13:09
instagram / aisultan

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

25-ші мерейтойлық Шанхай халықаралық кинофестивалінде Айсұлтан Сейітовтің  "ҚАШ" фильмі қысқа тізімге еніп, бірден үш номинацияда "Азияның жаңа таланты" номинациясында жеңіске жетті:

Үздік фильм – Айсұлтан Сейітов

Үздік режиссер – Айсұлтан Сейітов

Үздік сценарий – Абылай Нұрманбетов

Фестиваль бағдарламасында фильмді Айсұлтан, Qara Studios бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев және фильмнің сценарий авторы Абылай Нұрманбетов таныстырды.

"ҚАШ" фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталып, туынды Қазақстанда 2022 жылы үлкен прокатқа шықты. Фильм көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық кинотанушылар тарапынан да бірқатар марапаттарға ие болды. Фильмде 1931-1933 жылдардағы қазақ даласында болған жаппай ашаршылық қасіреті ағайынды екі адамның жеке басынан өткен оқиға арқылы баяндалады.

Шанхай – кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдағы ең ірі кинофестивалі. Биыл байқау 9-18 маусым аралығында өтіп жатыр және ең беделді халықаралық кинофестивальдердің бірі болып саналады.

Серіктес жаңалықтары