×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Астанада дзюдодан Grand Slam жарысында Ғұсман күміс жүлдені жеңіп алды

17.06.2023, 08:18
Ашық дереккөз

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Астанада өткен «Үлкен дулыға» турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 66 келі салмақ дәрежесінде екінші нәтиже көрсетті.

66 келіде бақ сынаған Ғұсман Қырғызбаев алғашқы белдесуінде  Әлем чемпионын жеңсе, әрмен қарай БАӘ өкілі Нармандах Баянмухты жеңді, Ккелесі белдесуінде әзірбайжандық Камран Сулеймановты жарыс жолынан шығарып, жартылай финалға жолдама алды. Содан соң өзбекістандық Мухриддин Тилоловтан басым түсіп финалға жолдама алған болатын.

Ғұсман финалдық белдесуде испаниялық дзюдошы Давид Гарсиядан жеңіліп, күміс жүлде иегері атанды. Қарсылас негізгі уақытта бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, турнирдің бірінші күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін 60 келі салмақта Мағжан Шамшадин алтын алған болатын.

Серіктес жаңалықтары