×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев: Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керек

17.06.2023, 11:01
Тоқаев: Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғару керек
Ашық дереккөз

Тоқаев Кеңес дәуіріндегі жасанды тұлғалардың есімін нысандарға беруді доғаруды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет. Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс", - дейді ол.

Айта кетейік, Түркістанда екінші Ұлттық құрылтай өтіп жатыр. Онда президент кейбір ірі елдер бізге өз стандарттарын күштеп енгізгісі келетінін мәлімдеді.