Биылдан бастап Қазақстанда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мамыр айының соңында мерекелер тізіміне толықтыру енгізілді.
Бір күн бұрын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанның барлық аймақтарында арнайы шаралар өтетінін атап өтті.
Мысалы, Астананың Ботаникалық бағында «Ake fest» фестивалі ұйымдастырылады.
«Ол жерде біз батырларды құрметтейміз, спорттық жарыстар өткіземіз және басқа да көптеген қызықты шаралар бастау алады», - деп жазды вице-министр.
Айта кетейік, жаңа мерекелер туралы қаулыға премьер-министр мамыр айының соңында қол қойған.
«Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және білім беру мақсатында аталып өтетін ресми мерекелер – Аналар күні мен Әкелер күні біздің елімізде де бекітілген», - делінген хабарламада.
Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.