×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Ақтауда шетелдік есірткі сатушылар тобы ұсталды

30.07.2022, 16:36
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Ақтауда Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдік есірткі-диллерлер тобын анықтап, Өзбекстан Республикасының азаматтарын қолға түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Тінту барысында жалпы салмағы 740 грамм “мефедрон" синтетикалық есірткі заты 221 орамаға бөліп салған жерінен табылды. Күдіктілердің бірінің жұмыс орнынан 200 грамм "мефедрон" және жалпы салмағы 10 грамм "Марк" есірткі заты бар 20 орама табылды. Барлық дәлелді заттар тәркіленді”, – делінген Маңғыстау облыстық ПД таратқан хабарламада.

Аталған қылмыстық топ Ақтау қаласының аумағына есірткінің әр граммын 50 мың теңгеге саудалап отырған. Төлемдерді интернет-әмиян желісі арқылы жасатқаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілер Маңғыстау облыстық ПД тергеу изоляторына қамалды.