Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандық тұтынушылардың шағымдарына жасалған талдау нәтижесін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұманғариннің сөзінше, тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтар туралы өтініштердің саны жыл сайын 20% өсіп келеді.
«2022 жылы министрлікте 30,2 мыңнан астам өтініш қаралды. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалуда. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті», - деді министр.
Ол өтініш ең көп түсетін салаларды атады:
- бөлшек сауда – 48%;
- тұрмыстық қызметтер – 19%;
- электрондық сауда – 9%;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 5,6%.
Өтініштердің саны мына салаларда ең көп өскен:
- қоғамдық тамақтану – 188%;
- көлік қызметі – 143%;
- медициналық қызмет – 113%;
- байланыс қызметі – 102%.
Сондай-ақ, министр елімізде азаматтардың көбі қай салалар бойынша наразылық білдіретінін айтты:
- медициналық қызмет – 39,3%;
- байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3%;
- қоғамдық көлік қызмет – 30,7%;
- қоғамдық тамақтану – 24,4%.