×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Банктер кезексіз қабылдады": қораптағы миллиардтар Назарбаеваның шотына қалай салынғаны айтылды

19.06.2023, 16:03
"Банктер кезексіз қабылдады": қораптағы миллиардтар Назарбаеваның шотына қалай салынғаны айтылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада Әлия Назарбаевамен байланыстырылатын "ӨКМ Операторы" компаниясына қатысты шулы іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Бүгін сотталушылардың бірі экс-президенттің кіші қызының банктік шоттарына миллиардтаған ақша қалай түскенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот алдында "ӨКМ Операторының" бұрынғы қаржы директоры Рүстем Темірбек жауап берді. Ол өзінің міндеттерінің қатарында Әлия Назарбаеваның шоттарына қаражат аудару болғанын айтты.

Оның айтуынша, ол ақшаны Әлия Назарбаеваның өзінен немесе көмекшілері мен қызметкерлерінен алған.

Темірбек атап өткендей, Назарбаевтың кенже қызының ақшасы түрлі банктерде сақталған және олардың барлығында өзінің "жеке менеджерлері" болған, олар сотталушыны кассаға кезексіз жіберіп отырған.

"Бірде Светлана Николаевна маған Назарбаева Әлияның жеке тапсырмаларын орындау үшін үйіне баруымды тапсырды, ол маған банктердегі жеке менеджерлерінің байланыс нөмірлерін беретінін айтты. Мен Назарбаеваға келгенде, ол маған ақшаны кейде өзі, ал кейде күзетшілері немесе көмекшілері,  компания басшылары да беруі мүмкін екенін жеткізді. Мен берілген қаражатты оның банктік шотына салуым керек болды. Ол сондай-ақ мені оның банктердегі жеке менеджерлері бақылайтынын айтты. Басында бұл Казкоммерцбанк, кейін Halyk Bank, сондай-ақ Kaspi Bank болды. Мен оның атынан оның жеке қаражатын оның шотына салуым керек еді. Halyk Bank-те менеджердің аты – Нісібаева Әсем, Kaspi-де – Цхай Меруерт Қияновна", - деді ол.

Бұрынғы қаржы директоры Назарбаеваның шоттарына барлығы 2 385 806 796 теңге аударғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, қаражат "Recycling Company", "Clean City NC" ЖШС және Әлия Нұрсұлтанқызының бақылауындағы басқа компаниялардан алынған.

"Оның ішінде  2 208 000 доллар және 1 604 412 000 теңге енгізілді. Бұл қаражат Әлия Назарбаеваның қаражаты болды. Оларды оның тобына кіретін компаниялардың басшылары, оның өзі, күзетшілері және Мұхтарова Шынар тапсырды. Ақша қораптармен берілді, мен олардың банкке апардым, онда мені кезексіз дереу кассаға ертіп барды. Олар ақшаны қабылдады, салым оның атынан төленгені туралы түбіртек берді. Бір рет менің атымнан ақша салынды. Бұл қандай себеппен болғаны есімде жоқ. Бұл тура(әлы 2019 жылғы 14 қаңтардағы 90 000 000 теңге сомасына түбіртек те бар", - деп толықтырды сотталушы.

Темірбек атап өткен Мұхтарова Шынар — "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің ресми құрылтайшысы, алайда барлық сотталушылардың айтуынша, бұл іс жүзінде Әлия Назарбаеваның үй қызметкері.

Еске салайық, қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырылатын компания дау ошағына айналды.

"ӨКМ Операторы" бірнеше рет сынға ұшырады. Алдымен компанияның басқарушы директоры Руслан Шамшиевтің қайтыс болғаны, дәлірек айтсақ, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы белгілі болды, содан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты күдікпен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды.

Кейінірек компанияның бұрынғы бас директоры Светлана Коротенко да тергеу изоляторына жіберілді.

6 сәуірде іс бойынша алдын-ала тыңдаулар өткен. Сол кезде адвокаттар 2015 жылы компанияны құру туралы шешім қабылдаған бірден-бір адам – экс-президенттің қызы екенін айтып,  одан да жауап алуды сұраған.

Алайда 17 сәуірдегі отырыста судья қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылмайтынын мәлім етті.

20 сәуірдегі отырыста Коротенконың қорғаушысы Украинаның Қазақстандағы консулын іске тартуды сұрады.

21 сәуірдегі отырыста айыпталушылардың жарты миллиард теңгені қалай ұрлағаны айтылды. Алайда олар өз кінәсін мойындамады.

18 мамырда куәгерлердің бірі Назарбаеваның зауыттарын қаржыландыру қитұрқылықтарын ашты.

Жуырда Экология министрлері «ӨКМ операторын» жеке бақылағаны белгілі болды.

Сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін 18 жылға сотталған ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов атышулы "ӨКМ Операторының" ісі бойынша сотқа шақырылғаны айтылды.

16 маусымдағы отырыста "ӨКМ Операторының” ақшасына қатысы бар мүйізі қарағайдай азаматтардың атын аталды. Олардың ішінде Бейбіт Атамқұлов, Асқар Мамин және Марат Қарабаев бар.