×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«ӨКМ Операторынан» миллиардтардың ұрлануы: Назарбаевадан жауап алына ма

17.04.2023, 14:23
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанадағы Байқоңыр аудандық № 2 сотында "ӨКМ Операторы" ЖШС ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Алайда сот отырысына есімі компанияның атауымен қатар аталатын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева қатысып жатқан жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

6 сәуірде іс бойынша алдын-ала тыңдаулар өткен. Сол кезде адвокаттар 2015 жылы компанияны құру туралы шешім қабылдаған бірден-бір адам – экс-президенттің қызы екенін айтып,  одан да жауап алуды сұраған.

Қорғаушы тарап айыптау органы 2016-2019 жылдар аралығындағы кезеңде ӨКМ құжаттамасын, құрылтайшылардың, атап айтқанда, инфрақұрылымдық кәсіпорын құрудың және бір бірлікті кәдеге жарату құнын белгілеудің бастамашысы болған коммерциялық кәсіпорындар иесінің жеке басын жасыру ниетімен Назарбаеваның шешімін қасақана талап етпеді деп есептейді", - деді адвокаттар.

Бүгін "ӨКМ Операторы" экс-қаржы директоры Рустам Темірбектің мүддесін қорғайтын адвокат Шолпан Сәрсенова судья қорғаушылардың барлық өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқанын айтты, осыған байланысты ол судьяның істен аластатылуын өтінді.

Еске салайық, былтыр 1 сәуірде 13 миллиард теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры ұсталған болатын.

Антикор мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар кезеңінде "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.

Ал 2022 жылғы 28 қаңтарда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды. 

Бүгінде сотталушылар орындығында 4 адам отыр: экс-экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ Операторы" экс-Бас директоры Светлана Коротенко.

Серіктес жаңалықтары