×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматылық кәсіпкер 26 мың тонна жанармайды заңсыз сатпақ болған

20.06.2023, 10:25
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында бір салық төлеушіге тиесілі екі жанармай құю бекетінде мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 26295 литр болатын жанар-жағармай материалдарының заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

Ведомство мұнай өнімдерін есепке алмай сақтау және өткізу, бұл "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңды бұзу болып табылатынын атап өтті.

“Осы бұзушылық үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 5-тармағы 8-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілер бойынша шешім қабылдау үшін Алматы қаласының сот органдарына беру жөнінде жұмыс жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 
 

Серіктес жаңалықтары