×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қант тұтыну көлемі артты

20.06.2023, 18:02
Қазақстанда қант тұтыну көлемі артты
фото: ашық дереккөзден

Ел тұрғындары нан мен жарма өнімдерін аз тұтына бастаған, есесіне, Қазақстанда қант пен кондитерлік өнімдерді тұтыну көлемі артты,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың I тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың азық-түлік тұтынуы бойынша ең көп төмендеу нан мен жарма өнімдері – 5,8%, балық пен теңіз өнімдері бойынша байқалды – 2,3%.

Керісінше, келесі өнімдерді тұтыну көрсеткіші өскен: жұмыртқа – 6,6%-ға, жемістер – 2,8%-ға, қант пен кондитерлік өнімдер – 2,6%-ға.

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (16,8%), нан өнімдері мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Есепті кезеңде ең аз қамтылған халықтың 10% қамтылған халықтың 10%-мен салыстырғанда көкөністерді, балық және теңіз өнімдерін 4 есе, ет және ет өнімдерін 3,7 есе, сүт және сүт өнімдерін 3,2 есе аз тұтынған.

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында – 22,9 кг (жан басына шаққанда тоқсанына), ең төмені Шымкент қаласында – жан басына 15 кг.

Нан мен жарма өнімдері бойынша, егер Қазақстанда 1-тоқсанда жан басына шаққанда 30,6 кг тұтынылса, ең жоғары тұтыну Түркістан облысында – 41,1 кг, ең төмен тұтыну Алматы қаласында – 24,3 кг.

Еске салайық, бұдан бұрын депутат Серік Егізбаев қант өндірушілерге мемлекеттік қолдауға артқанымен, өндіріс көлемі, керісінше, азайып кеткенін айтқан еді. Оның дерегінше, 2020 жылы отандық шикізат негізінде ішкі сұраныстың 9% қамтамасыз етілген болса, ол 2021 жылы – 7%, ал 2022 жылы - 6% дейін төмендеген.