×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құрылыс мерзімі туралы айтуға әлі ерте –  министр АЭС салу мәселесі жайлы

21.06.2023, 14:10
Құрылыс мерзімі туралы айтуға әлі ерте  –  министр АЭС салу мәселесі жайлы
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір біздің еліміз технологияның төрт әлеуетті жеткізушісінің өтінімдерін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр құрылыс мерзімі туралы айтуға әлі ерте екенін атап өтті.  

"Біз байқаудың төрт қатысушысының және барлық рәсімдерден өткен кезде атом электр станциясының құрылысына қатысуы мүмкін қосымша екі қатысушының өтінімдерін қарастырамыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтқан болатын.

«Бұл мәселе (АЭС құрылысы туралы) референдумға шығарылмайды. Бірінші мәселе станцияны орналастыратын жерге қатысты болып тұр. Екіншіден, технология мен қаржылық-экономикалық модель маңызды тақырып», - деген еді Нұрмағанбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаев АЭС салынатын болса, міндетті түрде, халықпен санасатынын айтқан еді. 

Жуырда Қазақстанда АЭС құрылысына қарсы петиция жарияланған. Оның авторлары елімізде АЭС салу жобаларына мораторий енгізуді талап етті.