×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Тәжірибе алаңына айналмайық": Қазақстанда АЭС құрылысына қарсы петиция жарияланды

02.03.2023, 08:56
Коллаж: Ulysmedia.kz

Екі жылдан бері Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі төңірегіндегі қызу пікірталастар мен талқылаулар толастар емес. Ақпан айының соңында желіде петиция пайда болды, оның авторлары Қазақстанда АЭС салу жобаларына мораторий енгізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2,5 мыңға жуық адам қол қойып үлгерген петиция 18 ақпанда жарияланды. Автордың айтуынша, қазақстандықтарға таңдау жасайтын сәт туды.

"Біздің болашағымыз бен балаларымыздың болашағы атом электр станцияларынсыз бола әлде олар ақыры салына ма? 28 ақпанда "Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу жоспары туралы" мәселе бойынша жария тыңдау өткізу жоспарланған болатын, оған құрылыс орнының тұрғындары ретінде тек Жамбыл ауданы мен Үлкен ауылының тұрғындары ғана шақырылды. Бұл бүкіл елдің өзге тұрғындарына қатысы жоқ мәселе секілді және көпшілігіміздің дауысымыздың маңызы жоқ деп ұғуға болады. Атом электр станцияларын салу мәселесін бүкіл ел болып шешуіміз керек. Қазақстандықтардың бұл құқықтары мен Қазақстан мемлекеттік органдарының міндеттері экологиялық кодекспен және халықаралық экологиялық құқықпен бекітілген", - делінген петиция мәтінінде.

Авторлар АЭС салу жөніндегі жоспарларды тар шеңберде талқылауды тоқтатуды талап етеді, өйткені бұл жоба барлық қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп төндіреді.

"Әлем Фукусима мен Чернобыль апаттарының зардаптарына, Запорожье атом электр станциясындағы ядролық бопсалауға, қолданыстағы атом реакторларының қауіпсіздігіне, атом электр станцияларының қызметі нәтижесінде пайда болатын радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму проблемаларына тап болды. Осыдан отыз жыл бұрын Семей жері ядролық жарылыстардан босатылды. Ол қорқынышты сынақтардың салдарынан құтылу үшін әлі жүздеген жыл уақыт қажет. Бірақ билік басындағыларға бұл аз сияқты, олар біздің қасіреттен көз ашпаған жерімізде тағы бір алып атом жобасын бастамақ", - дейді петиция авторлары.

Сондай-ақ, мәтінде АЭС жобаларын жақтаушылар құрылыстың жоспарланған мерзімдері мен олар бойынша шығындар бірнеше есе асыра көрсетілгенін мойындайтыны айтылған. Авторлардың айтуынша, мұндай шығындар Қазақстан халқымен кеңінен талқылануы керек.

"Біз өз есебімізден Қазақстанды шетелдік компаниялардың тәжірибе алаңына айналдырмауымыз қажет. АЭС салу есебінен болашақ қажеттіліктерді жабу туралы атомшылардың дәлелдерін өзге пікірлерді ескере отырып талқылау қажет. Әлемдегі көптеген атомдық ұзақ құрылыстардың тәжірибесі белгілі", - делінген петицияда.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысында сайлауға байланысты АЭС салу бойынша жария тыңдаулар кейінге шегерілген болатын.

Серіктес жаңалықтары