Биылғы 1 шілдеден елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енуіне орай міндетті зейнетақы жарнасын төлейтіндерге қатысты тәртіп өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мына санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болып келді:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады.
“МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады. Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді”, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандықтар зейнетақы жинағының жартысын инвестициялық компанияларға бере алатыны хабарланған.