×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Атырау облысында жарық компаниясының жұмысшысы мерт болды

22.06.2023, 17:21
Атырау облысында жарық компаниясының жұмысшысы мерт болды
promiseelectric.com

Атырау облысында 61 жастағы монтер мерт болды. Оны жұмыс барысында тоқ соққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайғылы жағдай 21 маусым Атырау облысындағы Мақат кентінде болған.

"Атырау-Жарық" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәліметінше, Мақат кентіндегі Алаш көшесінде орналасқан КТПГ-04/6кВ жабдығын профилактикалық сынау-тексеру жүргізілген.

"Сол кезде электр монтерді РУ-6 кВ жоғары кернеулі желісінен ток соққан. Монтердің электр қауіпсіздігі бойынша IV разрядты рұқсат құжаты болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Алайда монтер оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Аталған дерекке орай сотқа дейінгі тергеу басталды.

Іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бабы бойынша қозғалды.