×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Масқара деп осыны айт": "Қазпошта" қазақ тілінде хабарлама жіберуді тоқтатқан

23.06.2023, 08:02

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде "Қазпошта" жұмысына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық оператордың қазақ тілін менсінбейтініне Жандос Өстемір назар аударды.

"Масқара деп осыны айт. Қазпошта тек орысша SMS жазып қоймаған соң, бұларың не деп жазсам, Тәуелсіздіктің 32 жылы қарсаңында Михайлоков Кирил деген біреу былай дейді: Мемлекеттік тілде SMS жіберуге ақша жоқ. Бұрын екі тілде жазатын едік, сосын ақшаны үнемдеп, қазақтарға тек орысша жіберсек те жетер деп шешкен екен...", - деп жазды ол.

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бұл қазақ тілді азаматтардың құқықтарын бұзу екенін айтты.

“Бұл қалай сонда ? Неге мемлекеттік қаржыны бірінші кезекте мемлекеттік тілге жұмсамайсыздар? Бұл азаматтардың құқығын бұзу болып табылады. Себебі Тұтынышылардың құқығын қорғау заңы бойынша қазақ тілінде ақпарат беруге міндеттісіздер”, – деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов 3 жылдан кейін орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары