×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

3 жылдан кейін орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылады – Зайытов

21.06.2023, 09:21
t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов алдағы 3 жылда орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылып, қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мен сенемін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалады жалғыз өзі. Үш-ақ жылда. Заң жұмыс істесе болды. Біз соны қалыптастыруға жұмыс істеудеміз. Оның жарты жолына келіп қалдық, – дейді ол.

Депутат мәжілісмендер бұл іске белсене кіріскенін айтты.

"Қазбек Иса ағамыз бастаған бір топ депутаттар. Бұрын Қазбек ағам жалғыз еді. Қазір парламенттің жартысы. Біз осы сұрақтарды Алтай Көлгіновпен қарастырып талқылағанбыз. Өткенде Тамара Қасымқызы оның орнына тағайындалғанда осы мәселені Қазбек аға айтты. Біз осындай дайындадық, заңнама ережелерін сіз осыны қаперіңізде ұстаңыз деп. Ол кісі міндетті түрде деді демек біз ол жиналысты асықтырамыз. 2-3 жылда орыс тілі ресми статустан түсіп, қаза тілінің мәртебесін көтеріп істеуге болады",- дейді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат ұшаққа қазақтың домбырасын алып кіруге рұқсат бермей қойған әуе компанияларын сынға алған болатын.

Серіктес жаңалықтары