×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

ШҚО-ның газ стансасындағы жарылыс: 2 адам көз жұмды

26.06.2023, 10:46
ТЖМ

 Шығыс Қазақстан облысында газ құю стансасындағы жарылыстан ауруханаға түскен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті.

«Дәрігерлер олардың өмірі үшін 48 сағат бойы күресті. Өкінішке қарай, екеуін аман алып қалу мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаиха қаласында газ құю стансасында болған жарылыстан төрт адамды күйік шалған. 

Бірінші екі ер адам, содан кейін тағы бір азамат пен әйел аурухаға түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары