×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

ШҚО-да жанармай станциясында жарылыс болып, 2 адам күйіп қалды

22.06.2023, 14:29
ШҚО-да жанармай станциясында жарылыс болып, 2 адам күйіп қалды
ТЖМ

Шемонаиха қаласында газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өрттен 5 бірлік техника жойылды.Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

“Өрт сағат 14:44-те өрт оқшауланды. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ”, – делінген хабарламада.

Қызыл жалынды сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын төтеншеліктер Астана іргесіндегі өртпен арпалысқан болатын.