×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Капиталының жартысы "Самұрыққа" тиесілі компаниядан 830 млн теңге жымқырылған

27.06.2023, 12:10
sknews.kz

Павлодар облысында капиталының 50% «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі көмір өндіру кәсіпорнындағы жымқыру схемасы әшкере болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл фактіні ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті «Богатырь-Көмір» ЖШС-мен бірлесіп анықтады.

“Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында «Богатырь-Көмір» ЖШС қабылдау комиссиясымен алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі түрде серіктестіктің қаражатын жымқырған. Схема бойынша жалпы сомасы 830 млн теңгені құрайтын жаңа бөлшектердің орнына айтарлықтай тозған пайдаланылған қосалқы бөлшектер жеткізілген”, – делінген хабарламада.

Бұл әрекет мемлекетке аса ірі көлемде материалдық залал келтірген. Күдікті үйқамаққа алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұдан бұрын «Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының ұрлығы әшкереленген.

Серіктес жаңалықтары