×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Богатырь Көмір» компаниясы басшыларының ұрлығы әшкереленді – ҚМА

13.04.2023, 08:18
sknews.kz

Екібастұз қаласындағы «Богатырь Көмір» ЖШС орта буын басшыларының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, автобаза директоры ЖШС-да басшылық қызмет атқаратын басқа тұлғалармен жүйелі түрде тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап, 45,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген деген күдікке ілінді.

“Қылмыстық схема көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін есептен шығару, жаңасын алу және оларды орнатуды имитациялап, құжаттарға қол қоюдан тұрды. Жаңа қосалқы бөлшектер болмағандықтан арнайы техника істен шығып, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұран. Ал, жоғарыда аталған тұлғалар жаңа қосалқы бөлшектерді сатып отырған”, – делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар ұсталып, ұрланған жүк көліктерінің қозғалтқыштары мен беріліс қораптары тәркіленді. Сот олардың кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары