×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Патрульдік полицияның 7 қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

29.06.2023, 08:11
фото: ашық дереккөзден

Антикор Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар бірнеше рет пара алды деп күдіктенуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

“Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында бұрынғы патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталған.

Серіктес жаңалықтары