×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақмолада алаяқтық жасаған полицей түрмеге түсті

21.06.2023, 07:54
фото: ашық дереккөзден

 Ақмола облысында бұрынғы патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот анықтағандай, сотталушылар үш адамның сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде көмектесуге уәде еткен. Сол үшін ақша алған, кейін оларды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген. Алайда, үш адамның біреуі емтиханды өз күшімен тапсырса, қалған екеуі өте алмай қалған.

«Алаяқтықтың үш эпизоды бойынша жіберленушілерге 165 000, 250 000 және 350 000 теңге көлемінде зиян келтірілді. Сотталушылар үш адамға жасаған алаяқтық қылмысын мойындады. Олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сот-видеофонография сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді. Сонымен бірге «Kaspi Bank» шотынан ақша аударылғандығы туралы түбіртек көшірмелері, жәбірленушілермен жазған хат-хабарлары алынды», - деді соттың баспасөз қызметінен.

Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкінуі, кінәні мойындауы, келтірілген залалдың орнын толтыруы ескерілді.

«Сот үкімімен бұрынғы полиция инспекторы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, полицияның аға лейтенанты атағынан айырылды.

Ал оның сыбайласы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 5-бөлігі 2 және 1-тармақтары, 28-баптың 4-бөлігі бойынша 4 жылға бас 6остандығы шектеліп, пробациялық бақылау белгіленді», - деп толықтырды ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары