×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Назарбаев енді өз атындағы мектептер мен университеттің жоғарғы кеңесін басқара алмайды

29.06.2023, 12:25
Назарбаев енді өз атындағы мектептер мен университеттің жоғарғы кеңесін басқара алмайды
фото: ашық дереккөзден

Сенат депутаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталған мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасына сәйкес, бұдан былай президент Назарбаев зияткерлік мектептері Жоғағры қамқоршылық кеңесінің, Назарбаев Университетінің және Назарбаев Қорының басшысы болады.

Сондай-ақ, түзетулерде президент тағайындаған Қазақстан азаматы да жоғарғы кеңестің төрағасы бола алады делінген. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді.

Бұдан басқа, заң жобасы тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды НЗМ-де оқытуға ақы төлеуге арналған "Өркен" білім беру грантын енді Тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.

Бұған дейін депутат Снежанна Имашева Қылмыстық кодекстен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорлау туралы бапты алып тастауға қатысты түзетулер туралы айтқан болатын.