×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Күші жойылатын заң: Назарбаев енді "қарапайым зейнеткер" ме

06.06.2023, 17:40
фото: ашық дереккөзден

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жазаның күшін жоюға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysymedia.kz.

Мұқанова Қазақстанның кез келген азаматының ар-намысы мен қадір-қасиеті қорғалатынын атап өтті.

"Атап айтқанда, мәселе талқыланып жатыр, арнайы шығарылған қылмыстық құрамды алып тастау ұсынылып отыр. Тиісті құқықтық кепілдіктер күші жойылған Елбасы туралы заңның шеңберінде белгіленген болатын. Депутаттардың түзетулері қабылданған заңдарды сәйкес келтіруге бағытталған",-деді вице-министр.

Назарбаевты "қарапайым" адам деп санауға бола ма деген сұраққа Мұқанова тағы бір заңды еске салды.

"Президент туралы заң аясында "экс-президент" бабы бар. Аталмыш бап аясында барлық экс-президенттердің құқықтары оған да қолданылады. Шын мәнінде, кез  келген лауазымдағы кез келген адам, егер оған қатысты қорлау болса, өтініш беруге құқылы", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Қылмыстық кодекстен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік жүктейтін бап жөнінде пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары