×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Бірінші рет естіп тұрмын": Астана әкімі Украинаны қолдау митингіне рұқсат берілмеуі туралы

30.06.2023, 12:06
Ulysmedia.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық әкімшілік белсенділерге Украинаны қолдау үшін митинг өткізуге рұқсат бермегені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоспарланған митинг Ресей армиясының Украинаға қарсы соғысы басталлуының 500 күндігіне орайластырылған. Белсенділер 2 шілдеде украин халқына қолдау көрсету үшін бірнеше қалада акция өткізуге ниеттенген. Оларға бірнеше қала әкімдігі, соның ішінде Астана басшылығы да рұқсат бермей қойды. Митингті өткізуге "Алға Қазақстан" партиясының мүшесі Мереке Нұғманов өтінім берді.

Жеңіс Қасымбек Ulysmedia.kz тілшісіне мұндай митинг туралы алғаш естіп отырғанын айтты.

"Егер құжаттар мен өтінім заңнамаға сәйкес келсе, әкімдік ресми немесе қандай да бір белгілер бойынша бас тартпайды. Білесіз бе, қалада осындай іс-шаралар өткізілетін орындар анықталған. Демек, сол кезеңде не митинг өткізілетін орын бос емес, не өтінім дұрыс берілмеген. Мен бұл ақпаратты қазір бірінші рет естіп тұрмын. Сіз 2 шілде деп тұрсыз. Мен бұл ақпаратты тексеріп, сізге ресми түрде жауап беремін", – деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украинада Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған толыққанды соғыс жүріп жатыр.

Бұдан бұрын Петропавл, Көкшетау және Орал қалаларында белсенділер Украинаны қолдауға арналған акцияларды өткізуге рұқсат ала алмаған.

Серіктес жаңалықтары