×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Жай ғана сәйкестік": Қасымбек Көлгіновтің отставкаға кетуі жайлы

30.06.2023, 12:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналистер Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің қызметінен кетуі жайлы сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАӨ өкілдері Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен елордадағы сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндама жасау үшін Ақордаға барған күнін еске салып, дәл содан кейінгі күні ҚР премьер-министрінің орынбасары, елорданың экс-әкімі Алтай Көлгіновтің қызметінен босатылуының себебі жайлы сұрады.

“Мен ол күні тек қаладағы су мәселесіне қатысты есеп бердім, басқа сұрақтар қойылған жоқ. Егер оқиғалардың уақыттары сәйкес келіп жатса, ол жай ғана сәйкестік”, – деді Астана әкімі.

Еске салайық, 8 маусым күні Тоқаев Көлгіновті Премьер-Синистрдің орынбасары лауазымынан босатты, бұл қызметте ол алты айдан аз уақыт қана жұмыс істеді.

Ал 7 маусымда Жеңіс Қасымбек елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы президентке есеп берген.

Серіктес жаңалықтары