×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Қаңтарда ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкер 7 жылға сотталуы мүмкін

30.06.2023, 16:28
Қаңтарда ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкер 7 жылға сотталуы мүмкін
көрнекі фото

Әскери қызметкер Серікбол Мұратхан 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Прокурор оған осындай жаза кесуді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің өлімі үшін айыпталған. 

 

Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.

Сотталушы Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Ол өткен жылдың 21 қазанынан бері тергеу изоляторында отыр.

Еске салайық, бұдан бұрын Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Сейітқұловтар отбасының өліміне кінәлі деп айыпталған әскери қызметкерге үкім шыққан.

Сейітқұловтар отбасы 2022 жылдың 8 қаңтарында қаза тапты. Әскерилер Нұрболат Сейітқұлов, оның жары Алтынай Етаева мен 15 жастағы қызы Нұрай мінген көлікке оқ жаудырған. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Данияр Егембаев Нұрболат пен қызының өліміне қатысты күдікті деп танылған. Алтынай Етаеваның өліміне байланысты іс жеке өндіріске шығарылған.