×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызын бірнеше күн қорлады

08.10.2021, 20:10
Алматы тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған қызын бірнеше күн қорлады
Фото: ашық дереккөз

Ата-анасы 1 жасар кезінде ажырасып кеткен 15 жастағы жасөспірім әкесін іздеп келіп, онымен жақында ғана танысқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

1tv.kz-ның мәліметінше, бұрын істі болған ер адам өз перзентінің абыройын айрандай төккен.

«20 қыркүйекте қордың жедел желісіне кәмелет жасына толмаған қыз телефон шалып, зорланғаны туралы хабарлаған. Оны қорлаған адам туған әкесі екен. Қаскөй оны 16-19 қыркүйек аралығында зорлаған. 19 қыркүйекте қыз зорланған сәтін диктофонға жазып алған», - дейді «Не молчи.kz» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Король.  

Осы уақытқа дейін жасөспірім қыз анасымен бірге Алматы облысында тұрып келген. Биыл колледжге оқуға түсіп, тұратын жері болмаған соң анасы оны әкесінің үйіне жіберген. Ал әкесі 2008 жылы кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлағаны үшін 10 жылға сотталып, түрмеден 4 жыл бұрын шыққан.

Тергеу барысында жасөспірім 5 жасында өгей әкесі, 9 жасынан бастап екінші өгей әкесі зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты. Бұл туралы анасы мен жақындары білсе де, еш жерге шағымданбаған. Қазіргі уақытта жасөспірім әлеуметтік бейімдеу орталығында. Ал туған қызын зорлаған әке ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.