×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанға көшіп келушілер саны күрт өсті

03.07.2023, 14:08
фото: ашық дереккөзден

Биылғы үш айда елімізге 7,7 мың адам келген, бұл өткен жылғыдан 87% жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанға көшіп келушілердің 5,5 мыңы қалаларға (бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2 есе жоғары), 2,2 мыңы ауылдарға (бір жыл бұрынғыдан 33,3% көп) қоныстанған.

Қоныс аударушылар көбіне Маңғыстау облысына келген – 1,5 мың адам, оған қоса жылына 10,6%. Көшіп келушілер үшін танымал өңірлер Алматы (1,4 мың адам, жылына өсім 2,3 есе) және Алматы облысы (791 адам, жылдық өсім 2 есе). Ал Қызылорда облысына қоныс аударушылар аз, жыл басынан 4 адам ғана келді.

Айта кетейік, бұдан бұрын 2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алатынын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары