×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Кентауда 92 адамның улануы: дәмхана қызметкерлерінен қауіпті ауру қоздырғыштары анықталды

04.07.2023, 10:32
фото: ашық дереккөзден

Кентауда тұтынушылары фаст-фудтан уланған дәмхананың қызметкерлерінен сальмонеллез бен стафилококк қоздырғышы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дәмханадағы 2 қызметкерден – сальмонеллез, 6 қызметкерден стафилококк ауруының қоздырғыштары анықталды. Сонымен қатар үй ошағынан алынған 3 чикен өнімінен сальмонеллез табылған.

Кентау қалалық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев дәмханадағы астан уланып, ауруханаға түскен науқастардың барлығы жазылып, үйлеріне жіберілгенін жеткізді. Дегенмен, баршасы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, Кентау қаласында орналасқан «Ризық-Рауаны» фаст-фуд орталығында тамақтанған 92 адам уланған еді. Олардың арасында 14 жасқа толмаған 40 жасөспірім, 3 жүкті әйел бар. Аталған жағдай бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары