Үкімет кулуарында тілшілер ауыл шаруашылығы министрінен Павлодар облысында ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметовтің қызына мемлекеттен субсидия берілуі қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарашөкеев журналистердің сауалына жауап бере отырып оның ведомствосы субсидияларды бөлу кезінде өтініш берушінің тұлғасына, тегіне назар аудармайтынын айтты.
"Олардың барлығы ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер. Олар өз жерлерін, қанша малы барын көрсетеді. Жүйе объективті түрде қарайды. Егер ақша бөлуге негіз болса – бөлінеді. Егер шарттарға сай келмесе – күту тізіміне енгізіледі. Бізге кімнің қызы екені маңызды емес. Біздің жүйе қаржы бөлу кезінде әкесі кім, қаржылық жағдайы қандай екенін көрмейді", - деді ол.
Еске салайық, ШҚО-ны 9 жыл басқарған Даниал Ахметов жуырда қызметінен кетті.