×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны тағы да рекордтық көрсеткішке жетті

08.10.2021, 22:30
Фото: ашық дереккөз

Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны 936 адамға жетті., деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24.kz-ның мәліметінше, бұл – пандемия кезіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Сейсенбі күні РФ вице-премьері Татьяна Голикова үкімет мүшелерімен жиналыста осы жылдың қыркүйек айында КВИ-ге шалдыққандар саны 31%-ға жетіп, 100 мың адамға шаққанда 88 жағдайды құрағанын хабарлаған болатын.

«Бес аптадағы орташа апталық көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 96,9 адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1 есе көп», – деді Татьяна Голикова.

Сондай-ақ, ол профилактика аясында жалпы 47,4 млн ресейлік вакцинаның бірінші компонентін алғанын, ал 42,2 млн адам толықтай екпе ектіргенін айтты. Ауырғаннан кейін және қайта вакцина алғандар саны – 1,9 млн адам. Ұжымдық иммунитетке жету үшін тағы да 35,9 млн адам алғашқы екпе алуы тиіс. Соңғы тәулікте Ресейдің барлық өңірінде 27 246 адам коронавирус жұқтырған. 

Серіктес жаңалықтары